• Өнімдер және жүйелер
  • Бөлімшелер
  • Жүктеп алу орталығы
  • brand blue gradient

    Cookie саясаты

    Біздің веб-сайт желіні пайдалану ыңғайлы болуы үшін қызықтыратын мазмұн таңдауға және сайт ішінде жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, оны оңтайландырып, талдауға cookie файлдарын пайдаланады.

    Cookie файлдары — веб-сайтқа кіргенде браузер арқылы пайдаланушының терминалдық құрылғысында сақталатын шағын мәтіндік файлдар. Бұл мәтіндік файлдарда ыңғайлы қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін және веб-браузерлер оқитын ақпарат бар. Cookie файлдары веб-сайтқа кірген пайдаланушыны тани және веб-сервер арқылы дербестендірілген, жақсырақ әрі жылдамырақ жұмыс істеуге бейімделген веб-сайт ұсына алады. Егер пайдаланушы cookie файлдарын бұғаттаса, кейбір веб-мазмұнымыз қолжетімді болмауы мүмкін.

    Cookie файлдары негізінен келесі түрлерге бөлінеді:

    • Аса қажетті cookie файлдары — веб-сайт қызметі үшін қажетті файлдар, сондықтан пайдаланушы оларды өшіре алмайды. Олар әдетте пайдаланушылардың әрекеттеріне (мысалы, құпиялылық параметрлерін реттеу, жүйеге кіру немесе үлгіні толтыру) жауап ретінде пайдаланылады.

    • Функционалды cookie файлдары — веб-сайт функционалдылығын жетілдіру және дербестендіру үшін пайдаланылады.

    • Өнімділікті бағалауға арналған cookie файлдары — веб-сайттың жұмыс өнімділігін бағалау және оны жетілдіру үшін сайтқа кіру санын және трафик көздерін, сонымен қатар көп және аз кірілген беттерді анықтауға және кірген пайдаланушылардың веб-сайтты қалай қолданатынын бағалауға мүмкіндік береді.

    • Жарнамалық және мақсатты cookie файлдары — пайдаланушылар мақсаты бойынша профиль құру және оларды басқа веб-сайттардағы тиісті жарнамалармен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

    Сондай-ақ cookie файлдары тұрақты және уақытша бола алады. Тұрақты cookie файлдары деп аталатын файлдар файлды жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейінгі (немесе мерзімінен бұрын жойылғанға дейін) белгілі бір уақыт бойы соңғы құрылғыда сақтайды. Бұл мысалы, тіл параметрлері пайдаланушының оларды веб-сайтымызға қайта енгізуі қажет болмайтындай сақталатынын білдіреді.

    Сеанстық cookie файлы сеанс идентификаторын пайдаланушы веб-сайтта белсенді болған кезде уақытша сақтайды. Бұл пайдаланушының жүйеге қайта кіруін (мысалы, беттерді ауыстырғанда) болдырмайды. Сеанстық cookie файлдары жүйеден шыққанда жойылады және сеанс аяқталғанда жарамдылығын жоғалтады.

    Сookie файлдарын үшінші тараптың cookie файлдары ретінде де пайдалануға болады. Үшінші тарап cookie файлдары веб-сайт операторынан басқа провайдерлерден алынады. Мысалы, оларды жарнама, таңдаулы мазмұн және веб-статистика туралы ақпарат жинау үшін пайдалануға болады.

    Сookie файлдарын пайдалануға (атап айтқанда, өнімділікті бағалауға арналған cookie файлдары мен мақсатты cookie файлдарын пайдалану) келісім берген жағдайда, жеке деректерді сол бойынша өңдейміз.

    Қажетті cookie файлдарына келсек, веб-сайтты пайдалану оңай болуы және ұсынысымызды, сондай-ақ мазмұнымызбен байланысыңызды оңтайландыру үшін өңдеу жұмысы заңды құқық негізінде жүреді. Мысалы,

    • ағымдағы сеанс белсенді болуы үшін қажетті cookie файлдарын пайдаланамыз.

    • cookie файлдарын деректерді талдау үшін пайдаланамыз. Мысалы, бұл бізге үлгілеріміздің қалай қабылданып жатқанын, беттерімізді қанша пайдаланушы пайдаланатынын немесе олардың қай веб-беттерге жиі кіретінін қарауға мүмкіндік береді.

    • біз мазмұнды қабылдауыңызды жетілдіретін және жарнамаларды жақсартатын үшінші тарап cookie файлдарын пайдаланамыз.

    Кейбір үшінші тарап провайдерлері кірген пайдаланушы әрекетін тіркеу және ұсыныстарды (соның ішінде жарнама) сәйкестендіру үшін компьютеріңізге cookie файлдарын орнатады. Платформаға байланысты, үшінші тарап провайдерлері бірнеше cookie файлын орнатады. Үшінші тарап провайдерінің cookie файлдарын өңдеу тәсілі туралы желінің тиісті беттерінен оқуға болады. Біз үшінші тарап cookie файлдарын қадағалай алмаймыз. Сондықтан қандай cookie файлдары пайдаланылатыны және оларды басқару әдісі туралы білу үшін тиісті үшінші тарап веб-сайттарын қарап алған дұрыс.

    Cookie файлдары пайдаланушы компьютерінде сақталады және сол жерден біздің веб-сайтымызға жіберіледі. Пайдаланушы cookie файлдарын қолдануды толықтай қадағалай алады. Веб-браузердегі параметрлерді өзгерткенде, олар cookie файлдарының тасымалдануын өшіруі немесе шектеуі мүмкін. Бұрын сақталған cookie файлдарын кез келген уақытта жоюға болады. Әдетте браузерде келесідей параметр опциялары болады:

    • cookie файлдарын қарау;

    • cookie файлдарына келісу;

    • барлық немесе белгілі бір cookie файлдарын өшіру;

    • браузерді жапқанда барлық cookie файлын өшіру;

    • cookie файлдарын бұғаттау;

    • cookie файлы орнатылу қажет болғанда маған хабарлау;

    • веб-аналитиканы бақылаудан бас тарту.

    Егер cookie файлдары бұғатталған болса, пайдаланушы веб-сайтымыздың кейбір аймақтарын пайдалана алмайды.

    Біз қолданатын cookie файлдарының мақсаты және түрлері, қанша уақыт сақталатыны туралы ақпарат алу үшін cookie файлдарын пайдалану туралы баннерді қараңыз.