Жоғары адгезияны және жұмыстың жеңілдігін қамтамасыз ететін полимерлік қоспалары бар гипс негізіндегі әмбебап құрғақ сылақ қоспасы. Қабырғалар мен төбелерді тегістеуге арналған.
Ішкі жұмыстарға арналған.
КНАУФ-Ротбанд құрғақ гипс қоспасы қалыпты ылғалдылығы бар үй-жайларда, сондай-ақ ылғалдан қорғайтын жабын қолданылатын асүйлер мен жуынатын бөлмелерде қабырғалар мен төбелерді қолмен жоғары сапада сылауға арналған. Ол кәдімгі қатты негіздерге (керамикалық, силикатты және қуыс кірпіш қалауына, бетонға, гипс және бетон блоктарына, ескі цемент және гипс сылақтарына, газбетон мен көбікбетонға), сондай-ақ күрделі негіздерге (ЦСП, ПГП, ГКЛ (ГСП), ағаш жаңқалы цемент плиталары мен блоктарына) жағылады. Жұмыс технологиясы сақталған жағдайда Q3 (К3) сапа санатына сәйкес бет алуға мүмкіндік береді.
10 мм қабаттағы шығыны: шамамен 8,5 кг/м².
Қабат қалыңдығы: қабырға: 5–50 мм (жергілікті түрде 100 мм-ге дейін); төбе: 5–15 мм.
Беріктігі: қысуға беріктігі – кемінде 2,0 МПа; иілуге беріктігі – кемінде 1,0 МПа; бетонға адгезиясы – кемінде 0,3 МПа.
Қатаюдың басталуы: 50 минуттан ерте емес. 10 мм қабаттың кебу уақыты (t = 20 °C және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 % болғанда): шамамен 7 тәулік.
Керамикалық плитканы жапсыру үшін сылақ қабатының ең аз қалыңдығы – 10 мм. Желіммен бірге плитканың рұқсат етілген ең жоғары салмағы – 25 кг.
Қаптамасы: қағаз қаптар – 5 кг, 10 кг, 25 кг және 30 кг.
КНАУФ-Ротбанд
| Материалдың нөмірі | ЭАН / ГТИН | Салмағы | Бір тұғырыққа арналған дана |
|---|---|---|---|
00113144 | 10 kg | 100 pc/pal | |
00500887 | 20 kg | 48 pc/pal | |
00009543 | 4003982085160 | 30 kg | 30 pc/pal |
00002862 | 4003982085160 | 30 kg | 40 pc/pal |
00611272 | 5 kg |