Knauf - Нониус-аспа жоғарғы бөлігі - Nonius Hanger Top Part
Knauf - Нониус-аспа жоғарғы бөлігі - Nonius Hanger Top Part

Нониус-аспа жоғарғы бөлігі

Нониус-аспаның жоғарғы бөлігі (құрастырма).
Knauf - Nonius Hanger Top Part
Нониус-аспа жоғарғы бөлігіНониус-аспаның жоғарғы бөлігі (құрастырма).

Сипаттама & Мәліметтер

Мырышталған болаттан жасалған нониус-аспаның жоғарғы бөлігі Нониус жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оның көмегімен әртүрлі нониус-аспалар негізгі төбеге бекітіледі. Жиналған нониус-аспаның көтергіш қабілеті 40 кг-ға дейін.

Ұзындығы: 200–1000 мм. Қалыңдығы: 0,9 мм.

Қаптамасы: қорап – 100 дана.

Нониус-аспаның жоғарғы бөлігі аспалы төбенің қаңқасын 400 мм-ге дейін төмен түсіруге мүмкіндік береді. Биіктікті дәл реттеу нониус-аспаның жоғарғы және төменгі бөліктеріндегі бүйірлік тесіктерді сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады.

Нониус-аспа үш негізгі бөліктен тұрады: Жоғарғы бөлігі (ұзындығы 200–1000 мм) негізге КНАУФ-анкер-клин көмегімен бекітіледі; Нониус-шплинт нониус-аспаның жоғарғы және төменгі бөліктерін біріктіріп, бекітеді; Төменгі бөлігі немесе нониус-қысқышы профильді бекітуге арналған.

1000 мм-ден асатын төбеаралық кеңістік жасау үшін қосымша элементтер қолданылады: Нониус-ұзартқыш (ұзындығы 500–2000 мм); Нониус-қосқышы – ұзартқышты шплинттердің көмегімен бекітуге арналған.

Нониус-аспа жоғарғы бөлігі | Knauf